03.10.2025, 11:58
Жаңалықтар
Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беріп, кейін оны қайтарып алды
2 қазанда оның ісін Бостандық ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты қарады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Бизнесмен, «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беріп, кейін оны қайтарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экономикалық қылмыстары үшін сотталған бизнесмен Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, сотқа өтініш түсірген. 2 қазанда оның ісін Бостандық ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты қарады.
«Сот отырысы барысында сотталған өз өтінішін қайтарып алды. Осыған байланысты сот оны қараусыз қалдырды. Бұл – процессуалдық әрекет әрі сотталғанның заңды құқығы. Ол кез келген уақытта өтініш бере де, қайтарып ала да алады», – деп түсіндірді Алматы қалалық соты.
Көп оқылған
02.04.2026, 15:48
Екі бала қоршаудан әрі ұшып кеткен: Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
02.04.2026, 13:13
Табысынан шығыны көп қазақстандықтар енді 10 пайыз салық төлеуі мүмкін
02.04.2026, 11:28
Юпитерден энергия алу идеясын ұсынған: қазақстандық оқушылар әлемдік байқауда жеңіске жетті
02.04.2026, 14:58
Павлодарда ер адам досын қорғаймын деп пышақ жарақатынан қаза тапты