Еліміздегі 78 мекемеде қылмыскерлер жазасын өтеп жатыр
Қазақстандағы түрмеде жазасын өтеп отырғандардың нақты саны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның дерегінше, ел аумағында қылмыстық-атқару жүйесінің 78 мекемесі жұмыс істейді.
«Қазіргі уақытта бұл мекемелерде 30 мыңнан астам сотталған адам жазасын өтеп жатыр. Елде өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға арналған бір ғана мекеме бар, онда 200-ден астам адам қамауда отыр», – деп атап өтті министрлік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.
Сонымен қатар ведомство өкілдері қайталап қамауға оралғандарға қатысты жеке есеп жүргізілмейтінін хабарлады.