Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандық жігіт елге қайтар ақшасы болмай, кафелердің біріне ұрлыққа түскен

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жағымсыз оқиға 10 қыркүйекте болған

Фото: Видеодан скрин

Оңтүстік Кореяның Ансан қаласында 20 жастағы қазақстандық жігіт ұсталды. Ол еліне қайтуға ақшасы жетпегендіктен, жергілікті кафелердің біріне кіріп ақша ұрлаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Kyeonggi басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

49 мың иен (шамамен 49 мың теңге) қолды болды

Ансан қаласының Данвон полиция басқармасы хабарлағандай, А. есімді Қазақстан азаматы 10 қыркүйекте таңғы сағат 9:10 шамасында Данвон-гу ауданы, Сингил-донгтағы асхананың жабылмаған терезесі арқылы ішке кірген. Ол касса жәшігіндегі 420 мың вон (42 мың иен) мен тұрмысы төмендерге арналған қайырымдылық жәшігіндегі 60-70 мың вонды қолды қылған.

Қазақстандық жігіттің түсінігі

Тергеу барысында А. 2024 жылы Кореяға жұмыс істеу мақсатымен келгені, құрылыс алаңдарында жалдамалы жұмысшы болып еңбек еткені анықталды. Соңғы уақытта жұмысы болмай, монша сияқты орындарда түнеп жүрген. Ол қылмысын туған жеріне, Қазақстанға қайтар билет сатып алу үшін жасағанын мойындаған.