Компания бүгін оны президентке таныстырды
Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры Астанада Digital Bridge халықаралық форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) нейрожелісін таныстырды. Ол Ұлттық әл-ауқат қорының өңірлер бойынша Директорлар кеңесінің цифрлық тәуелсіз мүшесі, деп жазады Azattyq Rýhy.
«SKAI - жасанды интеллект негізінде әзірленген және өңір бойынша Директорлар кеңесінің дауыс беру құқығы бар алғашқы цифрлық тәуелсіз мүшесі», - деп хабарлайды «Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметі.
SKAI нейрожелісі ішкі және сыртқы нормативтік құжаттарды, 2008 жылдан бергі Директорлар кеңесінің шешімдерін және Қордың құрылған сәтінен бастап жинақталған басқа да материалдарды талдай алады. Қазақстанға қатысты маңызды құжаттар желіге таралып кетпеу үшін «Самұрық-Қазына» SKAI-ды «Қазақтелекомның» екінші суперкомпьютерінде жұмыс істетеді.