Мас күйде танысып, артынан өкініп қалды
Астанада ер адам көшеде кездесейсоқ танысқан адаммен бірге ішімдік ішемін деп телефонсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, екі ер адам көшеде танысып, кейін бірге алкоголь ішкен. Ішімдік ішіп отырған сәттердің бірі телефон иесі дүкенге кіріп кетеді. Ал жаңа танысы «қоңырау шаламын» деп оның телефонын алып қалады. Міне дәл осы сәтті пайдаланған ол телефонын иесіне қайтармай, қашып кеткен.
Ұрланған телефонды күдікті көп ұзамай делдалдар арқылы сатып жіберген.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер телефонның жаңа «иесінде» екенін анықтап, оның арқылы күдіктінің және делдалдардың тұлғасын тапты. Аталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Елордалық полиция ескертеді: сақ болыңыздар және жеке заттарыңызды бейтаныс адамдарға сеніп бермеңіздер», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.