Синоптиктер 25-27 маусымға болжам жасады
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің басым аумағында жел тұрып, жауын жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» синоптиктері.
«Жаңа Жер аймағынан келетін солтүстік циклон республиканың солтүстік-батысы, солтүстік, содан кейін орталық және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жаңбырды күшейтеді. 26 маусымда циклонның артынан Солтүстік-Батыс суық антициклоны ығысып, республиканың солтүстік бөлігінде күн суытады», - делінген хабарламада.
Осылайша, алдағы үш тәулікте республиканың солтүстік облыстарында түнде ауа температурасы +2 градусқа дейін төмендесе, күндіз 17 градус жылылықты көрсетеді.
Сондай-ақ, республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, бұршақтың түсуі күтіледі.