Қостанай тұрғыны көлік жүргізбесе де жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл арқалады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Осыған қатысты сот отырысы өтті

Фото: istockphoto.com

Қостанайда ер адам көлік жүргізбесе де жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл арқалағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық сотқа сілтеме жасап.

Оқиға мәліметі

Костанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша арнайы соты айыппұл туралы шағымды қарады.

Айыппұлда ер адамның Қостанайда Nissan Elgrand автокөлігін басқару кезінде жол қозғалысы жылдамдығын асырып кеткені көрсетілген.

Соттағы шешім

Адвокат қорғауындағы азамат сотқа шағым түсіріп, айыппұлдың негізсіз екенін, ер адамның сол сәтте көлік жүргізбегенін көрсетті.

Сот отырысында ер адам мен оның адвокаты шағымды қолдап, дәлелдер негізінде айыппұлдың жойылуын сұрады.

Сот шешімі бойынша шағым қанағаттандырылып, айыппұл тәртібі жойылды. Іс әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан тоқтатылды.

Сот мәліметіне сәйкес:

  • Жазылған кезде автокөлік істің иесінің бақылауында болмаған, оны басқа жүргізуші басқарған;
  • Уәкілетті орган өкілдері GPS жүйесіндегі ақау салдарынан айыппұлдың дәлел ретінде қолдануға жарамсыз екенін мәлімдеді.