«Қару» жедел іс-шарасы өтіп жатыр
Батыс Қазақстан облысында полицейлер заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақта қазір «Қару» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр.
Құқық қорғаушылардың дерегінше, барлығы 16 қару және 164 оқ-дәрі алынған. Оның ішінде:
Ал оқ-дәрілердің қатарында 7 дана – ойық ұңғылы қаруға, 157 дана – тегіс ұңғылы қаруға тиесілі.
Мәселен, тәртіп сақшылары қысқы қоныста орналасқан, шаруа қожалығының басшысына тиесілі үйді тінту кезінде заңсыз заттарды анықтады.
«Үй-жайдан полицейлер қолдан жасалған ату құрылғысын («поджиг» типті), 2 аңшы мылтығын, әртүрлі калибрдегі 104 оқ-дәріні және 30 бөкеннің мүйізін тапты», – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.