АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі жұмысын уақытша шектейтін болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Бұл туралы ақпарат елшіліктің Instagram-парақшасында жарияланды

Фото: istockphoto.com

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Америкадағы мемлекеттік құрылымдардың бір бөлігінің жұмысын уақытша тоқтатуы (шатдаун) салдарынан әлеуметтік желідегі белсенділігін азайтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ақпарат елшіліктің Instagram-парақшасында жарияланды.

«Қаржыландыру мен үкімет жұмысының уақытша тоқтатылуына байланысты осы аккаунтта жаңартулар толық жұмыс қалпына келгенге дейін тұрақты түрде жарияланбайды. Тек шұғыл қауіпсіздік пен қорғауға қатысты хабарламалардан басқа», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар елшілік қазіргі таңда АҚШ-та да, шетелдегі елшіліктер мен консулдықтарда да паспорт пен транзиттік визаларды беру қызметтері жоспарға сәйкес, қолда бар мүмкіндіктер аясында жалғасып жатқанын нақтылады.

Тегтер: