Ақмола облысында карантин шаралары күшейтіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Адам көп жиналатын шараларға түгел тыйым салынды

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңірде карантин шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.

 24 маусымнан бастап облыс бойынша төмендегі шараларға тыйым салынды:

- Іс-шаралар, форумдар, көрмелер, конференциялар, семинар, симпозиумдар, сондай-ақ отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шаралар өткізу.

- Ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі.

- Пациенттерді стационарларға жоспарлы жатқызу, скринингтер және профилактикалық тексеру тоқтатылды.

- Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, интернат үлгісіндегі карантин және санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау режимі енгізілді.

- 65 жастан асқан адамдарға үйден шығуға шектеу қою, саябақтарда серуендеуге, туысқандарына баруға, сондай-ақ отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салу.

- Көкшетау мен Степногорск қалаларының айналасында карантиндік аймақтың периметрі орнатылады және блокбекет орнатумен, кіру/шығу пункттері анықталады. Қалаларға белгілі бір санаттағы тұлғалар ғана кіре алады.

- Сағат 22: 00-ден 06:00-ге дейін Көкшетау, Степногорск қалаларының аумағында тұрғындардың және автокөліктің жүруіне тыйым салынады.