Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылығын нығайтуды көздеп отыр
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Astana Open Dialogue тәуелсіз аналитикалық платформасының III отырысында е-gov дамуынан AI-gov моделіне көшу жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Соңғы жылдары Қазақстанда e-gov және GovTech инфрақұрылымын дамыту стратегиялық басымдыққа айналды. Алғашқы кезеңде «классикалық eGov» жүйесі құрылып, мемлекеттік қызметтердің бірыңғай порталы, электрондық-цифрлық қолтаңба, интеграцияланған деректер базасы және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктері енгізілді. Бұл шешімдер мемлекеттік қызметтердің жаппай цифрландырылуын, олардың қолжетімділігін, ашықтығын және басқарылуын қамтамасыз етті»,- деді Жаслан Мәдиев.
Оның айтуынша, Қазақстан e-gov-тан жасанды интеллектке негізделген AI-gov моделіне өтіп жатыр.
«Жаңа тәсіл ауқымды деректерді, машиналық оқыту алгоритмдерін пайдаланып, мемлекеттік қызметтерді проактивті ұсынуды көздейді. Бұл модель азаматтың сұрауынан кейін жауап беретін жүйеден, қажетті қызметті алдын ала ұсынатын интеллектуалды жүйеге көшуді білдіреді»,- дейді ол.
Қазірдің өзінде Қазақстанда:
«Бұл тәсіл мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, азаматтарға ыңғайлы әрі жедел қызмет көрсетуге жол ашады. Қазақстанның цифрлық үкімет саласындағы жетістіктері әлемдік деңгейде де танылды. Еліміз Future of Government Award және GovTech Prize сыйлықтарына ие болып, БҰҰ-ның онлайн-қызметтер жөніндегі ғаламдық индексінде ТМД елдері арасында көшбасшы атанды», - деді ол.
Министр президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында жасанды интеллекті стратегиялық басымдық ретінде атап, Digital Qazaqstan тұжырымдамасының негізгі элементі ретінде көрсетті, дейді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық жасанды интеллект стратегиясы әзірленіп жатыр. Оның мақсаты – Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылығын нығайту және жаһандық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру»,- деді ол.
Стратегияның негізгі бағыттары: