«Реал» 45 минутта «Қайраттың» қақпасына пенальтиден ғана гол соға алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Килиан Мбаппе есеп ашты

Фото: Instagram/realmadrid

Мадридтің «Реал» командасы «Қайратпен» кездесуде 45 минутта пенальтиден ғана гол соға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Реал» Алматыда өтіп жатқан матчта алғашқы минуттан бастап кілең жұлдыздарын алаңға шығарды.

Бірінші таймда мадридтіктер Шерхан Қалмұрзаның қақпасынан тек пенальтиден ғана саңылау таба алды. 25-минутта Килиан Мбаппе 11 метрлік айып добынан мүлт кеткен жоқ.

Екі команданың негізгі құрамы төмендегідей:

«Қайрат»: Қалмұрза, Мата, Сорокин, Мартынович, Тапалов, Громыко, Арад, Қасаболат, Мринский, Сатбаев, Жоржиньо.

«Реал» Мадрид: Куртуа, Асенсио, Алаба, Хейсен, Гарсия, Себальос, Тчуамени, Гюлер, Мастантуоно, Мбаппе, Винисиус.

Айта кетейік, «Реал» Чемпиондар лигасының алғашқы турында «Марсельді» 2:1 есебімен жеңді. Ал «Қайрат» сырт алаңда «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылды.