«Қайрат» пен «Реал» негізгі құрамда алаңға кімдерді шығаратыны белгілі болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Қайрат» пен «Реал» Алматыда сынға түседі. Қос команда алғашқы минуттан алаңға кімдерді шығаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екі команданың негізгі құрамы төмендегідей: 

«Қайрат»: Қалмұрза, Мата, Сорокин, Мартынович, Тапалов, Громыко, Арад, Қасаболат, Мринский, Сатбаев, Жоржиньо.

«Реал» Мадрид: Куртуа, Асенсио, Алаба, Хейсен, Гарсия, Себальос, Тчуамени, Гюлер, Мастантуоно, Мбаппе, Винисиус.

Айта кетейік, «Реал» Чемпиондар лигасының алғашқы турында «Марсельді» 2:1 есебімен жеңді. Ал «Қайрат» сырт алаңда «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылды.