«Ыстыққа қарамастан, мол өнім алдық»: Жамбыл шаруалары құрғақшылық кезінде 1 млрд текше метр су алған

Автор: Бақыт Шынар

Министрлік құрғақшылық кезінде шаруаларға 1,024 млрд текше метр су берген

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Жамбыл облысының шаруалары биылғы құрғақшылыққа қарамастан мол өнім жинай алды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрғақшылық кезінде шаруаларға молынан су беру үшін вегетация жасаған. Соның ішінде:

  • Вегетация кезеңінде «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы шаруаларды сумен қамту үшін 1,024 млрд текше метр су жеткізді.
  • Су беру бойынша 3 903 келісімшарт жасалып, 78,3 мың гектар егіс алқабы суарылды.

Өңір шаруалары негізінен көпжылдық шөптер, көкөністер мен жүгері өскен.

Шаруалар тұрақты сумен қамтыған министрлік пен «Қазсушар» қызметіне жақсы баға берген.

Мысалы, «Көктөбе» шаруа қожалығы гектарына 250-300 центнер картоп алғанын, егіс көлемін 5 гектардан 7 гектарға ұлғайғанын айтқан.