Бұл экологиялық заңнаманы бұзу болып саналады
Ақтау-Жаңаөзен тасжолында жүк көлігінің аударылуы салдарынан мұнай өнімдері төгілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облысы экология департаментінің мәліметінше, «Shacman» маркалы жүк көлігі мұнай тасымалдап бара жатқан.
Көліктің аударылуы салдарынан мұнай өнімдері жерге төгілген. Бұл экологиялық заңнаманы бұзу болып саналады.
«Осыған байланысты Маңғыстау облысы экология департаментінің мамандары топырақтан сынама алды. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады», – делінген таратылған ақпаратта.