Өзгеріс 1 қаңтардан бастап күшіне енеді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнама талаптарына сай жаңғыртудан өтпеген сауда базарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, талаптар орындалмаған жағдайда мұндай базарлардың қызметін уақытша тоқтату немесе толық жабу туралы іс сотқа жолданады.
Сауда комитеті базарлар қызметін құқықтық реттеуді күшейту мақсатында сауда қызметтерінің Ұлттық стандарттарын әзірлеп, енгізген.
Сондай-ақ, базарларға қатысты 11 жаңа талап енгізіліп, тексеру процестері мен тәуекелдерді бағалау жүйесі қайта қаралды.