Ахмедабадтағы алғашқы жарыс күні табысты өтті
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш жүлде – екі күміс пен бір қола иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
100 метрге баттерфляй қашықтығында ұлттық құрама мүшесі Максим Сказобцов күміс жүлдегер атанды.
Сол дисциплинада қыздар арасында Софья Сподаренко қола медаль иеленді.
50 метрге арқамен жүзуде София Әубәкірова Қазақстан қоржынына тағы бір күміс салды.
Азия чемпионаты 11 қазанға дейін жалғасады. Жарыс бағдарламасында төрт спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады: жүзу, суға секіру, су добымен қатар әртістік жүзу.