Қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Қазақстанның бірқатар өңірінде заңсыз сақталған қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бағытында жүйелі шаралар қабылдауда.
2025 жылғы қыркүйекте ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында қару-жарақты іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
«62 бірлік қару-жарақ, оның ішінде 3 Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және 4 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.
2022 жылғы қаңтарда ұрланған 10 қару-жарақ анықталды. Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.