Олардың қай елдерден келгені белгілі болды
Қазақстан аумағында 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 15 054 шетел азаматы еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шетелдік жұмыс күшіне (ШЖК) берілген рұқсаттар мынадай санаттарға бөлінеді:
Сонымен қатар:
Қазіргі таңда Қазақстанда 1 909 жұмыс беруші шетелдік мамандарды пайдаланып отыр.
Бұл кәсіпорындарда 341 мыңнан астам қазақстандық азамат еңбек етеді, яғни қызметкерлердің 96%-ын жергілікті кадрлар құрайды.
Шетелдік жұмысшылардың негізгі бөлігі мына салаларда жұмыс істейді:
Қазақстанда еңбек етіп жүрген шетелдіктердің басым бөлігі мына елдерден келген:
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын шетел мамандарын тартуға квота белгілейді.
2025 жылы квота бастапқыда 14,8 мың бірлік (жұмыс күшінің 0,2%-ы) болып бекітілген. Кейіннен жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.
2025 жылдың тамыз айынан бастап маусымдық жұмысшыларға арналған кәсіптер тізімі кеңейтіліп, квота 0,25%-ға немесе 19,4 мың бірлікке дейін ұлғайды.