Тағы да Талғар: жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Іздеу жұмысы барысында өлі күйінде табылды

Фото: istockphoto.com

Талғарда жоғалып кеткен 40 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Бұл туралы Lider.kz волонтерлік ұйымы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

1986 жылы туған Станислав Карлов 13 қыркүйек күні таңертең үйінен шығып, содан бері байланысқа шықпаған. Оның жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралып, іздестіру жұмысына еріктілер мен белсенді тұрғындар атсалысты.

Волонтерлердің мәліметінше, ер адамның денесі Талғар аумағынан табылды. Бастапқы тексеріс кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, алайда нақты өлім себебін сарапшылар анықтайды.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындары іздеуге көмектескен барлық жанға алғыс білдірді.