$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда жасөспірім қыз тағы бір қатарласын аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)

Жәбірленушілерден арыз түспеген

Атырауда жасөспірім қыз тағы бір қатарласын аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Атырауда саябақта қатарласын ұрып-соққан қыз бала тағы бір қатарласын аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа видео Авангард шағынауданында түсірілген. Онда өзімен жасты тағы бір қыз баланы ұрып-соққаны көрінеді.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 2025 жылдың жазында болған. Алайда ол кезде жәбірленушілерден арыз түспеген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Төбелескен жасөспірімдердің бәрі профилактикалық есепке қойылады. Ал жасөспірімдердің ата-аналарына балаларды дұрыс тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар төбелесті видеоға түсіріп, таратқан, бірақ полицияға хабар бермеген адамның әрекетіне де құқықтық баға берілмек.

Айта кетейік, Атырауда кәмелетке толмаған қыз қатарласын аяусыз ұрып-соғып, тепкінің астына алғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары