АҚШ тұрғыны лотереядан 410 млн доллар ұтып алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол ұтыс билетін дәмханадан сатып алған

Фото: pixabay

Powerball лотереясында 410 млн долларлық ірі ұтысқа Миссури штатынан шыққан анонимді ойыншы ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі BILD басылымына сілтеме жасап.

Жеңімпаздың айтуынша, әзірге өмірінде ешнәрсе өзгермеген.

«Мен көбіне үйде отырғанды ұнатамын. Мен үшін ең тамаша күн – үйде отырып, әдеттегі ісіммен айналысу. Миллионермін, мультимиллионер екенім де рас, бірақ кеше кешкісін кір жуып отырдым», — дейді жеңімпаз.

Әзірге ол өмірінің «бір жылын өзіне арнағысы» келетінін айтты. Дегенмен бұл ойын толық іске асыра алмайтынын да түсініп отырғандай.

«Әйелім мені қаладан алып шығады», — деп әзілдеді ол.

410 млн доллар — Миссури тарихындағы ең ірі лотереялық ұтыс. Жеңімпаз билет 6 қыркүйекте Сент-Луистегі QuickTrip дәмханасында сатып алынған.