Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Қазақстан аумағында 29 қыркүйекте күрделі ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Мамандардың айтуынша, елдің бірқатар аймағында температура күрт төмендеп, үш градусқа дейін үсік жүреді.
Сонымен қатар түнде және таңертең тұман түсіп, көріну қашықтығын шектейді.
Синоптиктер бірқатар өңірде өрт қаупінің жоғары болатынын ескертті:
Бұл аймақтарда «төтенше өрт қаупі» деңгейі сақталады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты жылы киініп, таңғы уақыттағы жолға шыққанда абай болуға, түнгі үсікке байланысты бақша өнімдерін қорғауға, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.