Бұл шара логистиканың тиімділігін арттыруға бағытталған
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі астық өндірушілер мен экспорттаушыларға арналған мемлекеттік қолдау шараларын 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұзартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметінше, тасымалдау шығындарын арзандатуға бағытталған субсидиялау ережелері мен агроөнеркәсіп саласында жұмыс істейтін ұлттық компания шығындарын өтеу тәртібі тағы бір жылға жалғасады.
Бұл шара логистиканың тиімділігін арттыруға, шаруалардың қаржылық ауыртпалығын азайтуға және қазақстандық астық экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған.
Субсидиялар астықты әртүрлі бағыттарға тасымалдау кезінде беріледі:
Өтемақы мөлшері экспорт бағытына қарай тоннасына 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін өзгереді.
15 қыркүйектегі жағдай бойынша «Продкорпорация» АҚ астық өндірушілер мен экспорттаушылардың шоттарына 19,1 млрд теңге аударды. Бұл қаржы 828,4 мың тонна бидайды тасымалдауға жұмсалды.
Барлығы 553 өтінім қабылданып, экспорт көлемі 1,2 млн тоннаға жетті. Экспорт құрылымында:
2024–2025 жылғы маусымда Қазақстан шамамен 12,8 млн тонна астық экспорттады. Бұрынғы дәстүрлі нарықтардан бөлек, қазақстандық бидай алғаш рет Марокко, Алжир, Вьетнам, сондай-ақ Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия және Ұлыбританияға жеткізілді.
Министрлік атап өткендей, егер бұрын Қазақстан тек қатты (дурум) және жоғары ақуызды бидаймен танылса, қазір жұмсақ бидайдың да жоғары сапасы дәлелденіп, сұраныс артқан.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің пікірінше, мемлекеттік қолдауды ұзарту экспорттың оң динамикасын сақтап, қазақстандық бидайдың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.