Қостанайда 27 қыркүйекте антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

Автор: Дәулет Ботагөз

Тұрғындарға арнайы қызметтердің нұсқауларын орындау ұсынылды

Фото: © istockphoto.com

27 қыркүйек 2025 жылы Қостанай қаласы мен облысы аумағында ауқымды антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Шараның мақсаты – қауіп-қатер туындаған жағдайда жедел әрекет ету және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Арнайы қызметтер:

  • терроризмге осал нысандардағы қауіпсіздік жүйесін сынайды;
  • жедел әрекет ету сценарийлерін пысықтайды;
  • мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын тексереді.

Тұрғындарға үндеу

Қостанай облыстық антитеррорлық жедел штабы азаматтарға оқу-жаттығулар кезінде түсіністікпен қарауды және уақытша шектеулерге дайын болуды сұрайды.

«Құрметті тұрғындар, қауіпсіздік шараларын сақтап, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды өтінеміз. Бұл оқу-жаттығу тек тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру үшін өткізіледі», – делінген штаб хабарламасында.

Маңызды ескертулер

  • Жаттығу кезінде көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілерге уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
  • Азаматтарға жалған ақпарат таратпау, тек ресми дереккөздерге сүйену ұсынылады.
  • Оқу-жаттығулар барысында тұрғындардың қауіпсіздігі толық сақталатыны айтылды.