Оның жалпы құны 6,1 млрд теңгені құраған
Соңғы үш жылда Алматы облысында жалпы 83 мың гектар заңсыз иемделген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде 21 мың гектар бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлерге тиесілі болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысында заңсыз берілген және ұзақ жылдар бойы пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару жалғасып жатыр. Прокуратураның дерегінше, 2022–2025 жылдар аралығында 83 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, оның жалпы құны 6,1 млрд теңгені құраған.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, жер заңнамасының сақталуына жүйелі түрде қадағалау жүргізілуде. Бұл жұмысқа халық пен Парламент депутаттары да атсалысуда.
«Іле ауданындағы жерлерге қатысты да тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижелері бойынша қоғамға қосымша ақпарат беріледі», – делінген ресми хабарламада.