Президент министрге нақты тапсырмалар берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты тапсырма берді.
Мемлекет басшысы көпжақты форматтағы ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.
Айта кетейік, осыған дейін сыртқы істер министрі лауазымына Ермек Көшербаев тағайындалғаны хабарланған болатын.