Қазақстанның оқушылары дрон-соккер бойынша алғашқы әлем чемпионатына қатысып жатыр

Автор: Бақыт Шынар

Әлем чемпионатына Астананың үш мектебінен оқушылар барған

Фото: оқу-ағарту министрлігі

2025 жылғы 25–28 қыркүйек аралығында Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында FIDA дрон-соккерден тарихтағы алғашқы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 30 елінен 100-ден астам команда қатысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан алғаш рет өз ұлттық құрамасын ұсынып отыр. Ел намысын елордадан барған үш команда қорғайды:

  • №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі,
  • №8 мектеп-лицейі,
  • SKILLSET мектебі.

Жалпы, чемпионатқа Қазақстаннан 30-дан астам оқушы қатысып жатыр.

Drone Soccer – дрон технологияларын, жасанды интеллект элементтерін, инженерлік ойлауды және командалық жұмысты біріктіретін заманауи спорт түрі.

Қазақстандық оқушылардың әлемдік додаға қатысуы – STEM-білімді дамытуға, жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді арттыруға және жастар арасында жаңа технологияларды кеңінен танымал етуге жасалған маңызды қадам.