Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауруханаға түсті
Өскеменде Мызы және Протозанов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиғаның 25 қыркүйек күні болғаны анықталды.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Hyundai автокөлігі мен «Урал» мотоциклі соқтығысқан.
«Алдын ала деректер бойынша, автокөлік жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан мотоциклшіге жол бермей, соқтығыс болған», – делінген полиция хабарламасында.
Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.