«Тукаға сенбеу керек еді»: Майғазиев пен Төлендиев тойда күш сынасты (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Сәкен Майғазиев әлі де күші қайтпағанын байқатты

Фото: видеодан скриншот

Әнші Сәкен Майғазиев пен әзілкеш Нұржан Төлендиев тойда күш сынасып, кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Сәкен Майғазиев:

«Жезде, «отжимания» жасап жарысайық деп шақырып тұр. Мен 50 рет десем, ол 100 рет жасайық дейді. Кеттік онда», - дейді.

Сәкен Майғазиев жаттығуды еш қиындықсыз жасап, әлі де күші қайтпағанын байқатты. Елуді еңсерген әртістің шымыр дене бітімі жұртты таңғалдырды. Ал «Тука» қулыққа басып, тиіп-қашып, тапсырманы жартылай ғана орындады.

«Осылай жасамаса Тука бола ма?», «Сәкен аға әділ жасап жатыр», «Тукаға сенген Сәкен де ақымақ», «Тука Тукалығын жасады», - деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сәкен Майғазиев тойда болған кездейсоқ жағдайдың видеосын жариялаған болатын. Бейтаныс әйел әншінің анасына сыйлық алып келген.