Димаштың ұтымды жауабы жұрттың көңілінен шықты
Әнші Димаш Құдайберген концерттердің бірінде әннің сөзін ұмытып қалғанын, алайда тығырықтан жол тауып кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бір концертте әннің сөзін ұмытып қалдым. Бір жолы есіме түспей қойды. Шамамен келістіріп айтып шықтым. Залда отырған, теледидардан көрген халық байқамай қалды. Қытайлар қазақша, ал қазақтар қытайша айтып жатыр деп ойлап қалды», - деп күлдірді әртіс.
Димаштың ұтымды жауабы жұрттың көңілінен шықты.
«Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Дұрыс, сасқалақтамай тұрса болды ғой», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, Димаш өзінің концертінде сахнадан құлап кете жаздаған кәсіби фотографты дер кезінде құтқарып қалған болатын. Отандасымыз бұл уақытта ән салып тұрған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына таңғалғандарын жасырмады.
Димаштың басқа бір концертінде күтпеген жағдай болды. Әнші сахнаға шыққан соң неге екені белгісіз оркестр ұзақ уақыт үнсіз қалған. Алайда Димаш сасқан жоқ, өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында музыканы күтпей-ақ, әнді бастан-аяқ акапелламен айтып шықты. Зал сүйікті әншісіне қолдау көрсетті.