Бас бапкер қақпашыларына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Испанияның «Реалына» қарсы алдағы ойында қақпашы рөліне кім шығатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас бапкердің айтуынша, жағынан оңбай жарақат алған Темірлан Анарбеков ауруханадан шыққан, команда базасына келіп те үлгерген, жағдайы жақсарып келеді.
«Әзірге оған фиксация қойылған, бірақ алдағы күндері алынып, жаттығуға кірісе алады. Ең бастысы – титан пластиналар сіңісіп кетуі керек. Жалпы, дәрігерлердің айтуынша, реабилитация қалыпты жүріп жатыр», – деді Уразбахтин.
Сонымен қатар бапкер командада басқа да нұсқалар барын атап өтті:
«Менің ойымша, бір-екі апта ішінде қақпашыларымыздың бәрі қатарға қосылады», – деді бапкер.
Айта кетейік, осыған дейін негізгі қақпашы Александр Заруцкий мен оны алмастыратын Темірлан Анарбеков жарақат алып қалған. Осыған байланысты екеуі де «Реалға» қарсы кездесуде алаңға шыға алмайды.