Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
«Қазгидромет» 2025 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстанның 15 облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Қостанай облысының солтүстігінде таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде қатты өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Көкшетауда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Павлодар облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күндіз екпіні 15-18 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында -1°C үсік жүреді.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, облыстың шығысында және солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында екпіні 18-23 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18-23 м/с жетеді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, таулы аймақтарда екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстікте және облыс орталығында 15-20 м/с жел соғады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғады. Күндіз шығыстан соғатын желдің екпіні 17 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, батыста, солтүстікте, солтүстік-шығыста, облыс орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде күндіз найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Батыста, оңтүстікте және шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.