Жөндеу жұмысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі
Астана қаласында Қонаев көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмысына байланысты, 23 қыркүйек күні сағат 21:00-ден 24 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін бұл учаске толығымен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.