Сәтбаев қаласында радикалды дінді насихаттаған ер адам бес жылға сотталып кетті

Автор: Асыл Арман

Сәтбаев қаласында терроризмдi насихаттау ісі бойынша үкім шығарылды

Фото: istockphoto.com

Сәтбаев қаласында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғын 5 жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 256-бабы 1-бөлігі).

Сотта анықталғандай, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан.

«Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысып, кәсіби біліктілігін танытып, мемлекеттік айыптауды толық қолдады.

Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді», – делінген хабарламада.