Алматыда ер адам автобуста кішкентай қызға қарап, мастурбация жасады (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Жағымсыз оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Алматыда ер адам автобус ішінде 13 жасар қыз балаға қарап, ұятсыз әрекет жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, жағымсыз оқиға №135 бағыттағы қоғамдық көлікте болған. Ал оны кішкентай қыз телефонының видеосына түсіріп алып, үйіне барғанда анасына көрсеткен.

Оқиғаға қатысты агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі істі анықтап жатқанын айтып, қысқа қайырды.

Агенттік оқиғаны бақылауда ұстайды.