ТЖМ құтқарушылары Фурманов шыңынан бойжеткенді эвакуациялады
Алматы облысында 3 мың метр биіктікке шыққан әйелдің аяқастынан жағдайы күрт нашарлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысы Талғар ауданында теңіз деңгейінен 3053 м биіктікте орналасқан Фурманов шыңында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару операциясын жүргізді.
Құтқарушылар тауда көмекке мұқтаж туристке көтерілді, оның жағдайы нашарлап: басы айналып, жүрегі айнып, әлсірегендіктен, ол өз бетінше таудан түсе алмады.
«ҚР РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккен әйелді таудан түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.