«Ұялып отыр»: Төрехан Сабырхан көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Спортшыға жеке өміріне қатысты сауал қойылды

Фото: Olympic.kz

Ливерпульде өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері Төрехан Сабырхан «1001 түн» бағдарламасында жанкүйерлердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Бағдарлама барысында спортшының жеке өміріне қатысты сауал да қойылды.

«Қазіргі таңда жүрегіңіз бос па?» деген сұраққа Сабырхан: «Жоқ, бос емес. Маған ұнайтын бір қыз бар» деп жауап берді.

Айта кетері, финалда 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сабырхан жапон Севон Окадзавамен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

Төрехан Сабырхан – жастар мен жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы. Бұл — құрлық боксы тарихындағы бірегей нәтиже. Сонымен қатар ол 2025 жылдың сәуірінде кәсіпқой рингте дебют жасап, жеңісті жолын бастаған болатын.

2024 жылы Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатының «алтынын» иеленсе, 2025 жылы Болгарияда ұйымдастырылған беделді «Странджа кубогын» да жеңіп алды.