Жер сілкінісі 21 қыркүйекте сағат 16:25-те тіркелген
21 қыркүйек күні Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы ресми хабарлама келді. Қалалық ТЖД оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматылықтар жер сілкінісі туралы хабарлама алды.
«Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз орындарға жасырылыңыз. Дүмпу аяқталған соң ғимараттардан шығып, қауіпсіз қашықтыққа кетіңіз. Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият орындаңыз. Қосымша ақпаратты Алматы қаласы ТЖД мен әкімдіктің сайттары мен әлеуметтік желілерінен қараңыз», – делінген хабарламада.
ТЖД мәліметінше, жер сілкінісі 2025 жылғы 21 қыркүйекте сағат 16:25-те тіркелді.
Ұлттық ескерту жүйесі автоматты түрде іске қосылып, тұрғындарға SMS және push-хабарламалар жіберілген. Мұндай шара жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді және төтенше жағдай кезінде адам шығынын азайтуға бағытталған.