Тоқаев грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз

Фото: ҰОК

Мемлекет басшысы грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды айтулы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Айдос Сұлтанғалиды әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін», – деп жазды президент Instagram парақшасында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Айдос Сұлтанғалидың грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын алған еді