Осы аптада Абай және Атырау облыстарынан өнім келді
Елордада күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасып жатыр. Биылғы аптада Абай және Атырау облыстарының фермерлері 400 тоннадан астам өнім әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді бағамен әртүрлі тағам өнімдері ұсынылды:
Өнімдер тікелей фермерлерден жеткізілгендіктен, бағасы базарға қарағанда төмен әрі сапасы жоғары.
Астаналық тұрғындардың айтуынша, жәрмеңкеде әсіресе Атыраудан әкелінген балық пен Абай облысының экологиялық таза өнімдері ерекше сұранысқа ие.
«Мен арнайы балық алу үшін келдім. Мұнда сазан, сом сияқты түрлері бар. Дәмді, экологиялық таза, әрі бағасы қолжетімді. Саудаласуға да болады, нағыз жәрмеңке осындай болу керек», – дейді қала тұрғыны Ирина.
Күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі әр сенбі-жексенбі күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Өтетін орны – «Қазанат» ипподромының автотұрағы (Қарқаралы тас жолы, 1).
Қала тұрғындарының ыңғайлығы үшін жәрмеңке өтетін жерге №18, №37 және №303 автобустар қатынайды.