«Қайрат» футбол клубы 30 қыркүйекте аты аңызға айналған «Реал Мадридті» өз алаңында қабылдайды
Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридті» жеңсе, барлық ойыншыға автокөлік сыйға тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның бұл жайында айтқан видеосын жұбайы Баян Алагөзова Instagram парақшасында жариялады.
«10 күннен кейін сүйікті «Қайратымыз» «Реалмен» ойнайды. Сондықтан республиканың патриоты ретінде туған күнім қарсаңында «Қайрат» жеңсе, барлық ойыншыға автокөлік мінгізуге уәде беремін. Алматы әлемнің астанасы, «Қайрат» чемпион!», — деді Тұрсын Алагөзов.
Еске сала кетейік, Алматының «Қайрат» футбол клубы 2025 жылдың 30 қыркүйегінде аты аңызға айналған «Реал Мадридті» өз алаңында қабылдайды.