Онда мыңдаған килограмм көкөніс сатылды
Абай облысының орталығы Семей қаласында әр сенбі сайын «Северный» сауда-логистикалық орталығында (СЛО) ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты түрде өтеді. Жәрмеңкелердің басты мақсаты - қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаланың оң жағалауында орналасқан «Северный» СЛО (мекенжайы: Северный өндірістік торабы, 2) – заманауи үлгідегі тұрақты сауда алаңы. Аталған орталықпен жасалған меморандум аясында 24 сауда орны тегін беріліп отыр, бұл өз кезегінде өнім бағасының төмен болуына ықпал етеді.
Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, яғни ет, сүт өнімдері, көкөністер, наубайхана бұйымдары мен жармалар ұсынылды. Бағалар нарықтағы бағадан төмен:
Бүгінгі жәрмеңкеде 19,5 тонна сиыр еті, 1000 кг картоп, 1000 кг пияз, 250 кг сәбіз, 250 кг орамжапырақ сатылып, халыққа ұсынылды.
Бұл көлем тұрғындардың жәрмеңкеге деген сұранысының жоғары екенін көрсетеді. Семейліктер қолжетімді баға мен өнім сапасын оң бағалауда.
Қазіргі таңда Абай облысы әкімдігі қыркүйек-желтоқсан айларына арналған қосымша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің кестесін әзірлеуде. Бұл күз-қыс мезгілінде де тұрғындарды үздіксіз әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Семейдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері - бұл жай ғана сауда емес, халықтың әлеуметтік қолдау тетігі.