Бірнеше минут ішінде жалын екі қабатты ғимараттың шатырына жеткен
20 қыркүйек күні Алматыда Көктөбе маңындағы жеке тұрғын үйде ірі өрт болды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі мен құтқарушылар жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық ТЖД мәліметінше, Медеу ауданындағы Сапарғали Бегалин көшесінде орналасқан жеке үйдің шаруашылық бөлігінен өрт шығып, тілсіз жау жылдам тараған. Бірнеше минут ішінде жалын екі қабатты ғимараттың шатырына жеткен.
Оқиға орнына бірден үш өрт сөндіру бригадасы мен медициналық жедел көмек қызметі жетті. Құтқарушылардың дерегінше:
Қазірдің өзінде өрттің таралуы тоқтатылып, ауыздықтау жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.