ТЖМ құтқарушылары бәрін құтқарып қалды
Астана қаласының Ж.Тәшенов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ құтқарушылары өрт сөндіру кезінде түтін басқан аймақтан құтқару қалмақтарының көмегімен 3 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды.
«Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, шағын алаңда сөндірді. Өрттің шығу себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!» - делінген хабарламада.