Темекінің ірі партиясын заңсыз әкелудің жолын кесілді
Жамбыл облысында 900 мыңға жуық темекі қорабын шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға биыл 12 қыркүйекте Жамбыл облысындағы шекарада болған. ҰҚК Шекара қызметі жүк пойызын тексеру барысында 890 980 темекі қорабын тапты (акциздік маркаларсыз).
Темекі бұйымдарын құрылыс материалдары түрінде мемлекеттік шекарадан ілеспе құжаттарсыз алып өтуге әрекеттенген.
«Алдын ала бағалау бойынша алынған тауардың құны 600 млн теңгеден асады. Жүкпен ұсталған вагон ажыратылып, процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.