Жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы үш тәулікте елдің басым бөлігінде ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Оларға байланысты жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал.
20 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
«Республиканың көптеген өңірінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады. Ауа температурасының айтарлықтай өзгерістері мен ауытқулары күтілмейді, дегенмен республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін», – делінген синоптиктер болжамында.