Қазақстанда 2025 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 50,3 мың отбасының 270,7 мың мүшесіне тағайындалды. Бұл мақсатқа 21,7 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Негізгі мақсат
АӘК-тің басты міндеті – табысы төмен отбасыларды ақшалай төлемдермен қолдау және олардың еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға тарту.
Қандай көмек көрсетіледі?
- Әлеуметтік төлемдер: табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға тоқсан сайын көмек беріледі.
- Балаларға қосымша төлем: 1-6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем қарастырылған. Қыркүйектегі жағдай бойынша 83,6 мың балаға 2,8 млрд теңге төленді.
- Жұмыспен қамту: грант беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу, жұмысқа орналастыру арқылы табыс табуға жағдай жасалады.
Қалай алуға болады?
АӘК тағайындауға өтінішті:
- тұрғылықты жеріндегі мансап орталығында;
- ауылдық округ әкімінде;
- электронды түрде eGov.kz порталы арқылы беруге болады.