Екі ел Вашингтонда бейбітшілік келісіміне қол қойған еді
АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында өзінің әлемдік қақтығыстарды тоқтатудағы үлесін атады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Алайда армян-әзербайжан қақтығысына тоқталған сәтте Арменияны «Албания» деп атады. Сонымен қатар, ол Әзербайжанды «Абербайджан» деп қателесті.
Бұл соңғы бірнеше аптада Трамптың ел атауларын шатастырып алған үшінші жағдайы.
Еске салсақ, 2023 жылдың сәуірінде Армения мен Әзербайжан шекара делимитациясын бастау туралы келісімге келген болатын. Армения төрт ауылды Әзербайжанға қайтаруға келісті.
Кейін тараптар келіссөздерді жалғастырып, шекара делимитациясында прогресс бар екенін атап өтті. Наурыз айында екі ел бейбітшілік келісімінің мәтінін бекітті, ал шілдеде Пашинян мен Әлиев Абу-Дабиде кездесіп, барлық даулы мәселелерді талқылады.
2024 жылдың тамыз айының басында, төрт онжылдыққа созылған қақтығыстан кейін, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Вашингтонда бейбітшілік келісіміне қол қойды. Қол қою рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трамп та қатысты.
Бұл құжат екі ел арасындағы ұзаққа созылған шиеленісті тоқтатып, аймақтағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.