Карантиндік режим 23 маусымнан 30 маусымға дейін күшейтілді
Қостанай облысында коронавирус жұқтырушылар санының өсуін ескере отырып, 23 маусымнан 30 маусымға дейін карантиндік режимді күшейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 маусымнан бастап Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері Владимир Нечитайлоның бұйрығымен карантин режимі күшейтілді.
«Қаулыда облыста соңғы күндері эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағаны айтылады: КВИ жұқтыру бойынша күн сайын 50-ден 100-ге дейін жағдай тіркеледі. КВИ жұқтырғандардың саны 518 адамға жетті, олардың арасында симптомы барлар мен симптомы жоқтары да бар», - деп хабарлады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
8 мен 14 маусым аралығында КВИ жұқтырудың 56 оқиғасы тіркелді, ауру өсімі - 26,5%, 15-21 маусым аралығында - 251 жағдай, ауру өсім 94% артты. Негізінен ауру жұқтырушылардың басым бөлігі Қостанай қаласына тиесілі - 93 науқас, Рудныйда - 24 жағдай.